Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ChatGPT Edu және Codex жасанды интеллект құралдарын білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік қызметте қолдану мүмкіндіктеріне арналған практикалық семинар өтті.

                                              

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бөлген лицензиялар негізінде жүзеге асырылып жатқан ChatGPT Edu енгізу жобасы аясында ұйымдастырылды.

                                                           

Семинардың мақсаты – университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін заманауи жасанды интеллект құралдарының практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және оларды күнделікті жұмыста тиімді пайдалану жолдарын көрсету.

                                                           

Семинарды ChatGPT Edu жобасының жасанды интеллект бойынша әдіскері, PhD Айгерім Бекетқызы Қажигалиева жүргізді.

                                                           

Кездесу барысында қатысушылар ChatGPT Edu платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен, ақпаратпен, құжаттармен және ғылыми материалдармен жұмыс істеуге арналған құралдармен танысты. Сондай-ақ практикалық міндеттерді шешу мен жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруда Codex құралын пайдалану жолдары қарастырылды.

                                                           

Жасанды интеллектіні оқыту үдерісінде қолдануға, оқу материалдарын әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, академиялық мәтіндер жазуға және әкімшілік қызметті жетілдіруге ерекше назар аударылды. Қатысушылар нақты практикалық мысалдарды талқылап, заманауи жасанды интеллект құралдарын университет қызметіне енгізу перспективаларын қарастырды.

                                                           

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға және жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың жаңа тәсілдерін талқылауға арналған алаңға айналды.