Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қытайдың Сиань Еуразия университеті басшылығымен кездесу өтті.

                                                 

Кездесуге QyzPU Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Салтанат Джакубаева, Сиань Евразия университеті Директорлар кеңесінің хатшысы Ху Вэйюэ және Халықаралық ынтымақтастық және алмасу орталығының директоры Дин Цзе қатысты.

                                                               

Тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, қысқы мектеп ұйымдастыру, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және оқытушылар мен студенттер алмасу мәселелерін талқылады.

                                                               

Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларды ұйымдастыру көзделген. Алдағы уақытта бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу пәндерін өзара есепке алу және қос дипломды бағдарламаларды іске қосу бағыттары бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.