Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

                                                 

Университет өкілдері Аққорған ауданындағы №2 және №46, сондай-ақ Орташыршық ауданындағы №28 және №64 мектептерінің оқушыларымен кездесіп, білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпарат берді.

                                                               

Шараға Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан  Физика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Сайдахметова Ясмина да қатысып, студенттік өмір мен оқу мүмкіндіктері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

                                                               

Іс-шара соңында кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ аталған мектептердің басшылығы мен ұстаздар ұжымына ризашылық білдірілді.