Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Республика күніне орай «Мәңгілік елдің парасатты ұрпағы» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздар, шетелдік серіктес жоғары оқу орнының өкілдері мен білім алушы жастар қатысты.

Жиынның ашылуында Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова университет ұжымын ұлттық мерекемен құттықтап, білім мен ғылымның мемлекеттілікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Мерекелік шара барысында білікті оқытушылар мен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаныш Сәтбаев» және «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, министр Саясат Нұрбектің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкер QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректордың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына және университет кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарына ие болды.



