Республика күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірқатар ғалымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарына ие болды.

                                                 

Атап айтқанда, Химия кафедрасының профессоры Мұхаметқали Мұсағалиұлы Матаев «Қаныш Сәтбаев» медалімен наградталды.

Қазақ тілі білімі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Тыныштық Нұрдәулетқызы Ермекова мен Тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жамал Базылқызы Аширбекова «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Марапаттарды университетте өткен мерекелік жиында Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова салтанатты түрде табыстады.

                                                                

Сонымен қатар бірқатар оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары берілді.

                                                                

Бұл марапаттар – университет ұжымының ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби еңбегінің лайықты бағасы.