Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «ПАРАСАТ: Тәуелсіз елдің саналы ұрпағы» атты салтанатты мәдени-танымдық кеш өтті.

                                                               

Мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеген Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінің деканы Гүлназ Салғараева сөз сөйлеп, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.: «Республика күні – мемлекеттілігіміз бен егемендігіміздің алтын діңгегі. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді, отансүйгіш әрі азаматтық жауапкершілігі жоғары жастар», – деп атап өтті.

                                                                

Мерекелік шара аясында 1990 жылғы Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы насихатталып, тарихи-көркем қойылымдар, поэзиялық сахналар, патриоттық әндер мен студенттердің азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін композициялары ұсынылды.

                                                                

Университет басшылығының құттықтау сөздерімен басталған кеш жастардың ұлттық санасын шыңдауға, отансүйгіштік рухын арттыруға және заң үстемдігі мен білімділік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.