Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінде Құсейн Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген студенттерге арналған «Global Digital Competencies: оқытудан сертификаттауға дейін» халықаралық білім беру және мәдени-танымдық бағдарламасы аяқталды.

                                                               

Бір апталық бағдарлама аясында қатысушылар Apple компаниясының "Develop in Swift", Cisco компаниясының "Желілік технологиялар принциптері", Huawei ICT Academy-дің "Artificial Intelligence", 3D модельдеу бойынша "3D Creator" және IFLA -ның кітапхана саласын трансформациялауға бағытталған білім беру курстарымен танысты.

                                                               

Курс аясында студенттерге онлайн оқуды жалғастырып, 72 академиялық сағат көлеміндегі толық бағдарламаны меңгеру арқылы халықаралық сертификат алу мүмкіндігі қарастырылған. Шара соңында білім беру апталығына белсене қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталды.