QyzPU ғалымдары Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Докторанттарға ғылыми жетекшілік ету тәжірибесін нығайту» атты Academic Leadership Institute курсына қатысуда.

                                                                          

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған бағдарламаға еліміздің 22 университетінің өкілдері қатысып жатыр. QyzPU атынан Айгүл Маханова, Лира Ибраймова және Маржан Нұрбекова қатысуда.

                                                                          

Үш кезеңнен тұратын курс ғылыми жетекшілік тәжірибесін жетілдіруге, докторанттардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға және докторлық білім беру сапасын арттыруға бағытталған.