Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде «Парасатты педагог – парасатты орта» апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

                                                                          

Іс-шарада университеттің Басқарма мүшесі, әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректоры Думан Жекенов құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың маңыздылығына тоқталды.

                                                                          

Сондай-ақ факультет деканы Ақгүл Жұбандықова апталықтың негізгі мақсаты мен құндылықтарын атап өтті.

Апталықтың мақсаты – білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының бойында парасаттылық, адамгершілік, жауапкершілік, өзара құрмет пен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ университетте ізгі әрі қолайлы білім беру ортасын дамыту.

27–31 қазан аралығында өтетін апталық аясында тәрбиелік, мәдени, психологиялық, қайырымдылық және кәсіби бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.