Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Парасатты педагог – парасатты орта» апталығы аясында студенттер арасында жүзуден жарыс өтті.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары Қайрат Түтібаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Елубаев ұйымдастырған жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және студенттердің дене белсенділігін арттыруға бағытталды.

Жарыс алдында қатысушылар музыкалық сүйемелдеумен аэробика жаттығуларын орындап, кейін 25 метр қашықтыққа еркін жүзу бойынша бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Дария Күнқожа, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;

ІІ орын – Ақниет Инкарбек, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;;

ІІІ орын – Камилла Аманбай, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Сонымен қатар Филология факультетінің 1-курс студенті Ләззат Пазылбек «Мисс аквааэробика» аталымымен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды.

