Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде «Парасат алаңы: білім, өнер және ұлттық сана» тақырыбындағы Парасат апталығы басталды.

Апталықтың мақсаты – білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру.

Парасат апталығы аясында мазмұнды кездесулер, танымдық іс-шаралар, шығармашылық жобалар, пікірталас алаңдары, шеберлік сабақтары мен түрлі бастамалар ұйымдастырылады.

Апталықтың ашылу салтанатына университеттің әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректоры Думан Құрманғазыұлы Жекенов, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы Бахытжан Жолдыбайұлы, кафедра меңгерушілері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Апталық барысында студенттер мен оқытушылар тәжірибе алмасып, жастардың тың идеялары мен шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді.
