АЛМАТЫ. 23 мамыр. Баспасөз орталығы – Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Табысты әрі білімді адамдардың өзгелерден басты артықшылығы – кітап оқиды.

Демалыс күндері өзіңізге кітап оқуға ыңғайлы әрі әдебиеттер қоры мол арнайы сайт іздеп жүрген болсаңыз, мына онлайн кітапханаларды ұсынамыз:

1. «Артефакт»

http://artefact.lib.ru/library/

Бұл сайтта түрлі авторлардың 9 мыңнан астам кітабы жинақталған және олар 33 тілде берілген.

2. «Самолит»

https://samolit.com/

Бұл сайтта сіз сүйікті кітаптарыңыздан өз жеке кітапханаңызды жасай аласыз. Сонымен қатар өз кітабыңызды жариялауға да мүмкіндік бар.

3. «Куб»

https://www.koob.ru/

Бұл сайттың категорияларды таңдау мәзірі өте ыңғайлы. Өзіңізге қызықты жанрдағы кітаптарды оп-оңай табасыз.

4. «Альдебаран»

https://aldebaran.ru/

Бұл сайтта электронды ғана емес, сондай-ақ аудиокітаптардың мол қоры бар.

5. «КиберЛенинка»

https://cyberleninka.ru/

Бұл сайттың басты артықшылығы – ғылыми кітапхана. Сервистің алға қойған басты мақсаты да сол – ғылымды танымал ету.

 

Миымызды дамыту үшін кітап оқиық, достар!

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com