АЛМАТЫ. 7 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай бірқатар отандық жоғары оқу орындары басшыларымен кездесті.

Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректорлары бар.

Жоғары оқу орындарының басшылары Гүлмира Әмірханқызын жаңа қызметімен құттықтап, оқу орнын дамыту жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com