АЛМАТЫ. 5 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларының вакцинациядан өтуі бойынша және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жөнінде жалпы ақпарат.

Азаматтардың COVID-19 коронавирус індетіне қарсы иммунитетін көтеру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жүйелі жұмыстарды атқаруда.

• Университетте екпе қабылдауға арналған арнайы медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Аталған пункте Алматы қаласында емхана қызметкерлері оқу орнының ұжымы мен білім алушыларына арнайы кесте бойынша екпе салады.

• 05.08.2021 ж. күні оқытушылар мен қызметкерлердің 51% және білім алушылардың 16%-ы екпенің бірінші немесе екінші дозасын қабылдады.

 

COVID-19-ға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызын Университет ұжымы мен білім алушыларына түсіндіру мақсатында келесідей ұйымдастыру және насихаттық жұмыстар жүргізілуде:

• Қыздар университеті «Ashyq» қосымшасын іске қосты;

• Университет ұжымы мен білім алушылары арасында COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ақпараттық насихаттауға бағытталған медиа-жоспар қабылданды;

• Дәрігер-эпидемиологтардың қатысуымен студенттер үшін кураторлық сағаттар, семинарлар мен брифингтер ұйымдастырылды;

• Университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында қажетті ақпараттар тұрақты түрде жариялануда;

• Коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша Қыздар университеті екпе алған студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша ақылы курстарға арнайы ұтыс ойындарын өткізеді;

• Университет ұжымы мен білім алушылары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Вакцинация бойынша күн сайын арнайы мониторинг жасалып, мәліметтер Алматы қаласының әкімдігіне жолданады.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com