АЛМАТЫ. 9 тамыз. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 2 – 6 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

04.08.2021

– Қыздар университетіне докторантура бойынша 36 грант бөлінді.

*****

– Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2021 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражат бөлінгенін хабарлайды.

 

05.08.2021

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларының вакцинациядан өтуі бойынша және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жөнінде жалпы ақпарат.

*****

– Жұмыс берушілер вакциналанбаған қызметкерлері үшін қанша айыппұл төлейді? ҚР бас санитар дәрігерінің 14 шілдедегі қаулысында көрсетілген санатқа жататын жұмыс берушілер вакцина алмаған немесе 7 күн сайын ПТР-тестілеу арқылы саулығын дәлелдемеген қызметкерлерді штаттық режимде жұмысқа жіберсе, айыппұл төлейді.

*****

– Вакцина салдырмаған адамның жұмысқа кіріп-шығуы шектеледі.

*****

– Шартты қабылдау дегеніміз не? Бұл – университетке түсуді келесі жылға қалдырмай, биыл Қыздар университетінің студенті атану мүмкіндігі.

 

06.08.2021

– Қымбатты талапкерлер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын алдын-алу мақсатында оқуға түсушілердің құжаттарын онлайн қабылдайды.

*****

– Құрметті талапкерлер! Сіздерге жедел әрі ыңғайлы кеңес беру және құжаттарыңызды онлайн қабылдау мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істеуде.

*****

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне құжаттарды онлайн қабылдаудың тәртібі қандай? Ол үшін не нәрсені жасау керек?

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com