АЛМАТЫ. 23 тамыз. Баспасөз орталығы – Жаңа оқу жылы қандай форматта ұйымдастырылады? 2021-2022 оқу жылында қандай өзгерістер болмақ? Білім алушылар үшін вакцинация міндетті ме? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында 27 тамыз күні сағат 15:00-де университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының студенттерімен тікелей эфирде кездесу өткізеді.

Кездесу  Қыздар университетінің Instagram желісіндегі @qyzdar_yniversiteti ресми парақшасында ұйымдастырылады.

Сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды алдын-ала осы жазбаның астына немесе жеке хабарлама арқылы жолдай аласыздар.

Оқу орнының басшысына қойылған әрбір сұрақ назардан тыс қалмайды.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com