АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Құрметті студенттер! Біз бүгін назарларыңызға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жатақханаларында тұруға өтініш беру үшін төмендегі құжаттар тізімін ұсынамыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың атына өтініш;
  • Вакцина алғандығын растайтын паспорт;
  • Әлеуметтік жағдайын растайтын анықтама.

Студенттерді жатақхана орналастыру 3 кезең бойынша жүргізіледі:

  • 1 кезең – 18.09.2021
  • 2 кезең – 25.09.2021
  • 3 кезең – 02.10.2021

 

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz