АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Биылғы оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқытушыларының еңбекақысы 30 пайызға артады. Бұл туралы оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.  

– Алдағы уақытта Университет қызметінен түскен барлық пайда біздің профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің жалақасын арттыруға бағытталатынын атап өткім келеді. Атап айтқанда, биылғы оқу жылында профессор-оқытушылардың еңбекақысы 30 пайызға ұлғайтылады, – деді оқу орнының басшысы.

Соның ішінде биылдан бастап кафедра меңгерушісінің еңбекақысы 264 мың теңгеден – 410 мыңға, профессордың еңбекақысы 236 521 теңгеден – 400 мыңға, қауымдастырылған профессордың еңбекақысы 188 515 теңгеден – 260 мыңға, аға оқытушының еңбекақысы 184 мың теңгеден – 230 мыңға, оқытушының еңбекақысы 169 мың теңгеден – 200 мың теңгеге артады деп жоспарлануда.

– Біз профессор-оқытушылардың орташа жалақысын алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2024 жылға қарай бірнеше есеге ұлғайтуды көздеп отырмыз, – деп атап өтті Гүлмира Қанай.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz