АЛМАТЫ. 18 қазан. Баспасөз орталығы – СҰРАҚ: Сәлеметсіз бе? Мен біздің Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы білгім келеді. Осы бағдарлама арқылы қандай мемлекеттерде оқуға болады? Жансая

ЖАУАП: Қайырлы күн, Жансая! Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.

Бағдарламаның басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бағдарламаның басты артықшылығы:

  • ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алу;
  • кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
  • пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
  • халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тізімі:

  • студенттің өтініші;
  • оқу туралы келісім;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
  • жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
  • сертификат, IELTS, TOEFL, HSK, т.б. (шет тілін білу);
  • ұсыныс хат (магистранттар үшін).

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • өтініш беру кезінде студент 1 семестрді бітіруі керек (бакалавриат және магистратура);
  • тілдің тиісті деңгейіне ие болу (ағылшын, француз, неміс, түрік, орыс және т.б.);
  • GPA 3,0 немесе одан жоғары болуы керек.

Толығырақ білгіңіз келсе мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:

+7 727 237 00 50; +7 727 233 89 08

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz