АЛМАТЫ. 25 қазан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 18 – 22 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

18.10.2021

АЛМАТЫ

– FAQ: Сәлеметсіз бе? Мен біздің Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы білгім келеді. Осы бағдарлама арқылы қандай мемлекеттерде оқуға болады? Жансая

*****

АЛМАТЫ

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай биылғы жылғы еліміздегі басты оқиғалардың бірі – Ұлттық санаққа байланысты пікір білдірді.

*****

АЛМАТЫ

– Қымбатты достар! Біз Университетіміздің танымал түлектерін танытуды жалғастырамыз. Күләш Құнантаева – педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор. 1931 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін үздік бағамен бітірген.

 

20.10.2021

АЛМАТЫ

– Жатақханада тұратын студентті не мазалайды? Білім алушылар сабақтан бос уақыттарын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай жатақханада тұратын студенттермен кездесулер өткізуде.

*****

АЛМАТЫ

– Отандық ғылым соңғы 30 жылда қандай жетістіктерге жетті? Назарларыңызға тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан ғылымының 10 жетістігін ұсынамыз.

*****

АЛМАТЫ

– Биыл академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропаның бірқатар жетекші жоғары оқу орнына жіберілген студенттеріміздің тізімін жариялаймыз.

 

21.10.2021

НҰР-СҰЛТАН

– Алдағы жылдың қантар айынан бастап 1-сынып оқушыларын цифрлық сауаттылыққа үйрету жұмысы басталады. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі.

*****

АЛМАТЫ

– Біздің Университет ғылыми кітапханасының электронды-ресурстық базасы кеңеюде. Біз бүгін кітапхананың кең ресурсты базасымен таныстырамыз.

 

22.10.2021

АЛМАТЫ

– Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жоғары білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы негізгі түйткілді мәселелер талқыланған басқосуға Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай да қатысып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасымен танысты.

МЕДИА

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz