АЛМАТЫ. 28 қазан. Баспасөз орталығы – «Қазақстанның жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласы» негізінде 2030 жылдан кейін пайда болатын болашақтың 9 мамандығы анықталды. Біз бүгін жаңа мамандықтарды таныстырамыз:

1. Иммерсивті дизайнер.

Бағыты: Туризм. Туристерді имитацияланған жасанды әлемге саяхат жасауға мүмкіндік беретін  шоулар немесе саяхаттар жасайтын маман.

 

2. Агротехник.

Бағыты: Ауыл шаруашылығы. Гендік модификация және селекция көмегімен ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың жаңа сорттарын өсірумен айналысады.

 

3. Сандық егіздердің дизайнері.

Бағыты: Көлік және логистика. Көлік және логистикалық нысандардың виртуалды үлгілерін IT мамандарымен бірге жобалайды және әзірлейді.

 

4. Ұшқышсыз трафикті оңтайландырушы.

Бағыты: Көлік және логистика. Маман ITS көмегімен ұшқышсыз көліктердің ағындарын үйлестіруді қамтамасыз етеді, олардың өзара әрекеттесуін бақылайды, инфрақұрылымға түсетін жүктемені талдайды.

 

5. Виртуалды прототип жасау жөніндегі маман.

Бағыты: Машина жасау. Өнімдер мен технологиялық процестердің виртуалды прототипін жасаумен айналысатын маман.

 

6. Сандық өрістердің егіздерін жасау бойынша инженер-конструктор.

Бағыты: Мұнай және газ. Сандық егіз нақты өрістегі әртүрлі өзгерістерді модельдеуге мүмкіндік береді.

 

7. Құрылыс қалдықтарын өңдеу жөніндегі инженер-технолог.

Бағыты: Құрылыс. Құрылыс қалдықтарының құрамын талдайды және тиісті қалпына келтіру немесе қайта өңдеу технологияларын таңдайды.

 

8. Киберадвокат.

Бағыты: Ақпараттық технологиялар. Сандық кеңістікте, виртуалды және аралас шындықта клиентке жан-жақты құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

 

9. Кванттық криптолог.

Бағыты: Ақпараттық технологиялар. Ол кванттық желілердегі деректерді ұстап алу және қорғау, кванттық шифрлауды алгоритмдеу және автоматтандыру мүмкіндіктерін зерттейді.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz