АЛМАТЫ. 2 қараша. Баспасөз орталығы – Педагогикалық идеялар фестивалі аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірқатар жеке білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады.

Келісімге оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен білім беру мекемелерінің басшылары қол қойды.

Келісім жасасқан ұйымдар қатарында «BilimInvest» білім беру саласындағы ұлттық инвесторлар қауымдастығы, Республикалық жеке меншік білім беру ұйымдары қауымдастығы, №113 бөбекжай-балабақша сынды мекемелер бар.

Меморандумға сәйкес алдағы уақытта Университет білім алушылары мен түлектері аталған білім ордаларында тәжірибеден өтіп, кәсіби деңгейлерін шыңдауға мүмкіндік алмақ.

МЕДИА

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz