АЛМАТЫ. 5 қараша. Баспасөз орталығы – Қазіргі таңда кез келген маманды жұмыс берушілер тек кәсіби білімінің көрсеткішімен емес, оған қоса, ол өзіне жинаған қосымша қабілеттерімен бағалап жұмысқа қабылдайды.  Сондықтан онлайн-курстар жан-жақты маман болу үшін көмектесетін таптырмас құралға айналды. Бүгін біз әлемнің жетекші университеттері ұсынған онлайн-курстар тізімін жариялаймыз.

 

«Кіріспе: сенімді келіссөзші болу амалы»

Ұйымдастырушы: Yale University

Платформа: Coursera

Не болып жатқанын көруге көмектесетін 30 сағаттан астам лекциялар мен бейнематериалдар, тесттер мен жаттығулар қақтығыстардың шын себептерін тануға және тараптардың мүдделерін түсінуге мүмкіндік береді.

 

Fundamentals of Neuroscience

Ұйымдастырушы: Harvard University

Платформа: edX

Курс үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімі туралы түсіндіреді. Ол барлық жаңадан бастаушыларға арналғанымен, математиканың негіздерін білуіңіз керек.

 

English for science, Technology, Engineering and Mathematics

Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

Платформа: Coursera

Ана тілі ағылшын тілі емес студенттерге арналған курс. Мұнда сөздік қорыңызды кеңейтіп, ғылыми мәтіндерді оқығанда сізге көмектесетін стратегияларды үйренуге болады.

 

Gamification

Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

Платформа: Coursera

Процестерді геймификациялау – қазіргі заманның жаңа тенденциясы. Ойын дизайн әдістерін бизнес және әлеуметтік жобаларға қалай қолдануға болатынын үйреніңіз.

 

Economics of Money and Banking

Ұйымдастырушы: Columbia University

Платформа: Coursera

32 сағат оқу материалы берілген сабақтар барысында сіз банк жүйесінің негіздерімен және қазіргі нарық пен ақша жүйесінің жұмысымен таныса аласыз.

 

Understanding Medical Research

Ұйымдастырушы: Yale University

Платформа: Coursera

Курсқа қатысушылар медициналық ғылыми зерттеулердің сенімділігін анықтауға көмектесетін құралдар мен дағдыларды игереді. 350-ден астам оң пікірлер осы білімнің маңыздылығын растай алады.

 

Pyramids of Giza

Ұйымдастырушы: Harvard University

Платформа: edX

Ежелгі Египеттің тарихы мен археологиясы туралы толық ақпарат. Қатысушылар сегіз апта бойы перғауындар заманынан ХХ ғасырдағы экспозицияларға дейінгі материалдармен танысады.

 

Introduction of Marketing

Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

Платформа: Coursera

Маркетингті түсінгісі келетіндерге арналған курс. Мұнда сіз брендті қалай құруға болатынын, тұтынушылармен байланыс орнату және контент-стратегиялармен танысасыз.

 

Statistical Thinking for Data Science and Analytics

Ұйымдастырушы: Columbia University

Платформа: edX

Бұл курста сіз статистикалық ойлауды, деректерді дұрыс жинауды және нәтижелерді модельдер мен графиктер түрінде ұсынуды үйренесіз.

 

Introduction to Psychology

Ұйымдастырушы: Yale University

Платформа: Coursera

Курс психология ғылымының негізгі ұғымдары – «үйрену», «эмоциялар», «есте сақтау» және басқада фундаменталды ақпаратқа арналған.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz