АЛМАТЫ. 16 қараша. Баспасөз орталығы – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау қағидасына сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары арасында байқаудың алғашқы кезеңі өтіп, республикалық байқауға жолдама алғандар анықталды.

Жалпыуниверситеттік конкурс Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың Бұйрығы негізінде қараша айының 1-15 жұлдызы аралығында өтті.

Байқауға оқу орнының штатындағы және кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар оқытушылар қатысты.

Алғашқы кезеңде үздік деп танылғандар республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді.

«ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына үміткерлер тізімін ұсынамыз: 

  • Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлы
  • Қалиева Анар Нұрғайыпқызы
  • Ибраймова Лира Абдилдабекқызы
  • Садықова Дамежан Әділханқызы
  • Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы
  • Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы
  • Рахметова Нұрзия Байтукешқызы

P.S.: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады.

Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.

Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру болып табылады.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz