АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кең көлемде аталып өтілуде. Ұлық мереке қарсаңында оқу орнында «Ұлы дала әуені» көрмесі ашылды. Оған Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары мен «Кәсіптік оқыту» мамандығында оқитын студенттердің 50-ге жуық шығармашылық жұмысы қойылған. Назарларыңызға осы көрмеден дайындалған фоторепортажды ұсынамыз.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz