АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 13 – 16 желтоқсан аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

 

13.12.2021

НҰР-СҰЛТАН

 – Елордада «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстанның мемлекет ретінде құрылуының табысты тәжірибесі талқыланған алқалы жиынға танымал халықаралық саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты. Конференцияның «Тәуелсіздіктің бағдары мен белестері» пленарлық отырысында  Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ана мен баланы қолдау, гендерлік саясатты дамыту, сондай-ақ жастардың рөлі туралы баяндама жасады.

*****

АЛМАТЫ

– Қайырлы күн, достар! Бүгін Университетте сессия басталды! Қысқы емтихандар онлайн форматта өткізіледі.

 

14.12.2021

АЛМАТЫ

– «Азаттық. Атажұрт. Алматы». Бүгін осындай  тақырыппен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі қылқалам шебері, Қазақстан суретшілер Одағының  мүшесі, ҚР Көркем  Академиясының академигі Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылды.

******

АЛМАТЫ

– Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бір топ оқытушысы мерекелік марапаттарға ие болды. Наградаларды оқу орнының Директорлар кеңесінің төрағасы Омархан Өксікбаев табыстады. Сондай-ақ рәсім барысында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орны ұжымына алғысын білдіріп, олардың маман даярлаудағы сүбелі үлесін атап өтті.

****

АЛМАТЫ

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кең көлемде аталып өтілді. Ұлық мереке қарсаңында оқу орнында «Ұлы дала әуені» көрмесі ашылды. Оған Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары мен «Кәсіптік оқыту» мамандығында оқитын студенттердің 50-ге жуық шығармашылық жұмысы қойылған.

 

15.12.2021

АЛМАТЫ

 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының дамуына қосқан зор үлесі мен белсенді қызметі үшін бірқатар профессор-оқытушы мен қызметкерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

 

16.12.2021

АЛМАТЫ

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай оқу орны ұжымы мен білім алушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

МЕДИА

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz