АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық іске қосылды.

Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге толыққанды әрі сенімді ақпарат беру және мүмкіндігінше жылдам қызмет көрсету.

 

Байланыс телефоны:

+7 (727) 237 00 65

 

Call-орталықтың жұмыс уақыты:

• дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00 аралығы

 

Call-орталық қандай сауалдарға жауап береді?

• Оқуға қабылдау шарттары

• Құжаттарды дайындау рәсімі

• Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

• Ақылы негізде оқу

• Жеңілдіктер

• Мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысу

• Колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жан-жақты ақпарат беру

 

Хабарласыңыз! Сауалыңызға біздің мамандар жауап береді.

 

–  Сонымен қатар Университеттің Facebook, Instagram, Vkontakte, Telegram, Twitter әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тұрақты түрде жарияланып отырмақ. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңашылдықтар көпшілік тарапынан туындаған сұрақтардың шешімін табуын арттырады, –  деп атап өтті Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асан.

Коммуникация және маркетинг департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz