АЛМАТЫ. 19 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қайырлы күн, студент! COVID-19 инфекциясының таралуын алдын-алу және QyzPU білім алушысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі семестрдің ұйымдастырылуы туралы келесідей маңызды ақпаратымызбен бөлісеміз:

• Көктемгі семестрдің басталуы – 2022 жылғы 24 қаңтар (бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша);

• 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында сабақтар онлайн форматта өтеді;

• 7 ақпаннан бастап сабақтар оффлайн форматта басталады деп күтілуде (Алматы қаласындағы эпидемологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін);

• Бакалавриаттың 1,2,3 курс студенттерін жатақханаға орналастыру 5-6 ақпан аралығында жүргізіледі деп жоспарлануда;

• Жатақханадағы босаған орындар вакцинаның 2 бөлігін алған, әлеуметтік жағдайы төмен, риск топқа кірмейтін студенттерге беріледі;

• Риск топқа вакцина алуға рұқсат берілмеген медициналық босатуы бар, өзі немесе жанұясы карантиндегі студенттер кіреді;

• Аяғы ауыр, жаңа туылған сәбиі бар, кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге Pfizer вакцинасы қойылуда.

 

Біздің күшіміз – БІРЛІК, ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК пен бір-бірімізге деген ҚОЛДАУЫМЫЗДА.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Біз Сізбен біргеміз!

Қамқорлықпен, QyzPU

  Коммуникация және маркетинг департаменті

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz