АЛМАТЫ. 19 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қымбатты студент! Сізге тағы бір маңызды ақпаратымызбен бөлісеміз. 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі кезіндегі сабақ өту барысы туралы келесіні хабарлаймыз:

• Дәріс және үлкен ағымдағы сабақтар Microsoft Teams платформасында онлайн режимде жүргізіледі;

• Лекция кезінде топтың 50%-ы онлайн режимде, 50%-ы оффлайн режимде оқиды;

• Пән тапсырмалары мен сабақ кестесі – «Univer 2.0» жүйесінде;

• Оқу форматына қарамастан студенттер жеке кабинетте орналастырылған пәннің барлық тапсырмаларын орындаулары тиіс;

• Топта 1 студент ауырған жағдайда топқа карантин жарияланады және топ онлайн режимге ауысады;

• Туындаған сұрақтар бойынша эдвайзеріңізге хабарласа аласыз.

 

Амандықта кездескенше!

Құрметпен, QyzPU

  Коммуникация және маркетинг департаменті

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz