АЛМАТЫ. 2 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Құрметті достар! Біз Сіздермен өзара кері байланысты арттырудың тиімді әдістерін жан-жақты қарастырудамыз. Қоғам тарапынан Университет қызметіне байланысты көптеген сұрақтар мен ұсыныстардың келіп түсуіне байланысты арнайы жобаны қолға алдық.

Әр аптаның жұмасы күні сағат 16:00-17:00 аралығында @qyzpu.edu.kz Instagram парақшасында Университеттің Коммуникация және маркетинг департаментінің басшысы Жандар Асан білім алушылар мен ата-аналар және талапкерлер тарапынан келіп түскен сауалдарға жан-жақты әрі нақты жауап бермек.

Сонымен қатар ең жиі қойылатын сауалдардың жауаптары жазбаша түрде Университеттің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын болады.

Сондай-ақ сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жолдауға болады:

• Instagram:

https://www.instagram.com/qyzpu.edu.kz/

 

• Facebook:

https://www.facebook.com/qyzpuedukz

 

• VKontakte:

https://vk.com/qyzpu_edu_kz

 

• Telegram:

https://t.me/qyzpuedukz

 

• www.kazmkpu.kz:

Онлайн чат

 

• Call-орталық:

+7 727 237 00 07

 

• e-mail:

qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

  Коммуникация және маркетинг департаменті

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz