АЛМАТЫ. 11 наурыз. Баспасөз орталығы – Биыл QyzPU University-ға оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін маңызды ақпаратты ұсынамыз! Біздің Университетте білім алуды қалайтын биылғы мектеп түлектеріне оқуға түсу шарттары мен QyzPU туралы жан-жақты әрі сенімді ақпарат тарату үшін арнайы рекрутингтік топ еліміздің аймақтарына шықты.

«QyzPU сенің қалаңда!» жобасы бірнеше кезеңді қамтиды.

 

I-кезең.

Мерзімі: 14-19 наурыз.

Өңірлер: Түркістан қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Іс-шара шеңберінде QyzPU өкілдері аталған өңірлердегі мектеп ұжымдарымен және оқушылармен кездеседі.

 

Кездесулерде Сізді күтеді:

• Университет туралы презентация! Сіз QyzPU University-де оқу және  студенттік өмір туралы толыққанды ақпарат ала аласыз;

• Танымал түлектердің бейне үндеулері мен QyzPU берген мүмкіндіктер жайлы танымдық роликтер сериясы;

• Жетістікке жеткен студенттермен кездесулер мен барлық сұрақтарға жауаптар.

 

Біз Сізді алдын-ала хабарландырып отырамыз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

 

P.S.: Бүгін QyzPU University-де рекрутингтік топпен кездесу өтті. Кездесуде бағдарлама таныстырылып, маңызды ақпараттар ортаға салынды. Сонымен қатар талапкерлерге бағытталған қажетті мәліметтер сарапталды.

  Коммуникация және маркетинг департаменті

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz