АЛМАТЫ. 14 наурыз. Баспасөз орталығы – 2022 жылғы 9-11 наурыз аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

10.03.2022

АЛМАТЫ

– Біз QyzPU University студенті атана жүріп, жетістікке жеткен білім алушыларымызбен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға Педагогика және психология институтының 1-курс студенті Нұрзия Назарованы ұсынамыз.

***

– Құрметті достар, Сіздерге жақсы жаңалығымызбен бөлісеміз. QyzPU University студенті Әсел Құтбан АҚШ-тың Техас қаласында өткен «Artivities 2022» Халықаралық өнер конкурсында бірінші орынға ие болды.

 

11.03.2022

АЛМАТЫ

– QyzPU University-нің студенттік үйлерінде тұратын білім алушыларымыз үшін жақсы жаңалығымыз бар! Тұрғындардың бос уақытын ұтымды өткізу және студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында арнайы оқырман залдары ашылды.

***

– QyzPU University кітапханасы ғалымдарымыздың жаңа ғылыми еңбектерімен толығуда. Атап айтқанда, PhD, Биология кафедрасының профессор міндетін атқарушы Анар Қалиеваның авторлығымен монография жарық көрді.

***

– Жемқорлықпен күрес – үздіксіз түрде жүргізілуі міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жыл басында өткізген жиынында құзіретті  органдарға  тапсырмалар  міндеттелген болатын. Осыған орай QyzPU профессор-оқытушылары мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев пен Республикалық «SANALY URPAQ» жобалық кеңесінің басшысы Қайыржан Токушевпен  кездесіп,  жемқорлықпен  күрес  және  оның  алдын алу  жөніндегі  мәселені  талқылады.

***

– Биыл QyzPU University-ға оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін маңызды ақпаратты ұсынамыз! Біздің Университетте білім алуды қалайтын биылғы мектеп түлектеріне оқуға түсу шарттары мен QyzPU туралы жан-жақты әрі сенімді ақпарат тарату үшін арнайы рекрутингтік топ еліміздің аймақтарына шықты.

***

– Түркістан, күтіңіз! QyzPU University Сізге бара жатыр! 14-15 наурыз күндері біздің Университет өкілдері қаланың бірнеше мектебінде арнайы презентация өткізеді.

МЕДИА

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05              

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz