АЛМАТЫ. 14 наурыз. Баспасөз орталығы – Құрметті абитуриент! QyzPU University алдағы оқу жылында сіздерді асыға күтеді. Университетке түсу үшін сіздерге келесі қажетті ақпаратты ұсынамыз.

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • 3*4 сантиметр өлшеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТ сертификаты;
  • «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және спорттық атақтардың бірінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

СІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР:

  • Құжаттар жоо-да жылдың 1 маусымынан 25 тамызына дейін қабылданады.
  • Шығармашылық емтиханды тапсыруға үміткерлерден өтінімдерді қабылдау ЖОО-да жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.
  • Шығармашылық емтихан жылдың 8-13 шілдесі аралығында өткізіледі.

УНИВЕРСИТЕТКЕ ТҮСУ ҚАДАМДАРЫ:

  1. ҰБТ тапсыру;
  2. Тестілеу орталығының testcenter.kz жеке кабинеті арқылы сертификат алу;
  3. Құжаттарды өткізу;
  4. eGov арқылы білім беру грантына қатысуға өтінімді тіркеу;
  5. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алу;
  6. Білім беру гранты бойынша білім беру қызметін көрсету туралы шартты толтыру және қол қою;

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05              

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz