АЛМАТЫ. 22 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Наурыз мейрамымен құттықтады.

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны.

Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Ерте заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз – тіршілік атаулының жанданатын кезі ғана емес, халықтардың береке-бірлігіне негіз болған кезең.

Наурыз – ізгілік пен жақсылықтың бастауы.

Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен ұрпақтар сабақтастығының жарқын символы. 

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

Бүгінде Наурыз – достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды.

Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға шаттық пен несібе әкелсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Шынайы тілекпен, Гүлмира Қанай,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор

МЕДИА

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz