Құрметті білім алушылар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті 2022-2023 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін бюджет қаражаты мен студенттер санын бөлгенін хабарлаймыз.

Еуропалық Одақ елдеріне 5 орын, АҚШ - 1 орын, сондай - ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 3 орын бөлінді.

Қазіргі уақытта Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Еуропалық Одақ, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізуде.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, +77272370050, каб.128

Электрондық пошта: academicmobility@bk.ru

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz