АЛМАТЫ. 22 тамыз. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ –  Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері! 2022-2023 оқу жылында  университеттің студенттер үйлерінен орын алу үшін  2-3 курс білім алушыларының өтініш беру уақыты тамыз айының 17-26 жұлдызы, ал 1 курстар үшін  26-31 тамыз аралығында әлеуметтік жағдай бойынша өтетінін хабарлаймыз! 

Жатақханадан орын алу үшін төмендегі ерекшеліктер ескеріледі: 

  • 1. КВИ-ге қарсы екпенің 2 компонентін алған студенттер (вакцина паспорты мен «Ashyq» жүйесінде «Жасыл» статусының болуы міндетті) 
  • 2.1. Ең бірінші орында мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; 
  • 2.2. Екінші орында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
  • 2.3. Үшіншіден ауыл жастары қатарынан шыққан, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын қандастар. 

ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ: 

  • Қабылдау комиссиясы абитуриентті оқуға қабылдаған уақытта «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы «Жатақханаға мұқтаж» деген графаны толтырады. 
  • Әр студент өзінің жеке «UNIVER-2.0» универ жүйесіндегі «Е-услуги» арқылы өтініш береді. 
  • Студенттермен жұмыс бөлімі «Е-услуги» универ жүйесі арқылы вакцина паспорты мен әлеуметтік жағдайы туралы анықтамаларын тексереді. 
  • Бухгалтерлік бөлім студенттің жатақханаға төлеген чекті тексереді. 
  • Директор орынбасары модуль «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы студенттің нақты сол институтта оқитынын тексеріп, растап, бұйрық шығарады. 
  • Студенттер үйінің менеджерлері «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы қабылдап, электронды түрде  бөлме береді. 
  • Студент өз профайлына кіріп, «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы өзіне берілген бөлмені көре алады. 

  Коммуникация және маркетинг департаменті   

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz