Құрметті білім алушылар!

          Елдегі эпидемологиялық жағдайдың әлі де кері динамика көрсетуіне байланысты 1, 2, 3 (бітіруші емес) курс студенттерінің 2022-2023 оқу жылының қысқы емтиханын онлайн форматта ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданғанын хабардар етеміз!

2022-2023 оқу жылының қысқы емтиханы Ғылыми кеңеспен бекітілген академиялық күнтізбеге сай өткізіледі: 

 

Курс

Бақылау түрі

Күні

Формат

 

1, 2, 3 (бітіруші емес) курс

Қысқы сессия

04–20 қаңтар

2023

Онлайн

1, 2, 3 (бітіруші емес) курс

Жаңа семестрдің басталуы

23 қаңтар

2023

Офлайн

Келесі мәлімдемелерге назар аударуларыңызды сұраймыз:

  • Әртүрлі себептермен Қысқы емтиханға тұрғылықты жерінде онлайн қатыса алмайтын студенттер (мысалы, билет сатып алып, ақшасын қайтара алмаған студенттер; тұрғылықты жердегі интернет желісінің әлсіз немесе компьютерлері жоқ студенттер және т.б.) Қысқы емтиханды Университетке келіп, компьютерлік сыныптарда тапсыра алады;
  • Суммативті бағалау негізінде Қысқы емтиханды жабу ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ!

Университет АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ принциптерін қатаң ұстанатындығын естеріңізге саламыз!

 Сол себепті:

  • Қысқы емтиханды онлайн форматта өту кезінде прокторинг қосылады;
  • Жазбаша емтихандарды тапсыру кезінде жұмыс міндетті түрде плагиатқа тексеруден өткізіледі;
  • Ауызша емтихан тапсыру кезінде студенттер мен оқытушылардың камералары емтиханның барлық уақытында қосулы болуы керек.