8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне  орай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының ұйымдастыруымен   бірқатар іс-шаралар жүзеге  аспақ. Атап айтсақ, 27-28 ақпан және  1 наурыз күндері    білім беру және  гендерлік  зерттеу саласының  мамандары  студенттерге  дәріс  оқиды.

  • Әйгерім Құсайынқызы

Гендерология саласындағы ғылыми қызметкер, LLM, PhD кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Канада)

Дәріс  тақырыбы: «Қазақстандағы гендерлік зерттеу. Қоғамдағы гендерлік тендіктің маңызы»

Күні: 27.02.2023 жыл

Уақыты: 14:30 - 16:00

  • Қымбат Әбдікерімова

«Galam Kids» мектепке дейінгі білім беру орталығының негізін қалаушы, шебер-франчайзер, «Helen Doron English» халықаралық мектептер желісінің тең құрылтайшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Швейцария)

Дәріс  тақырыбы: «Тәрбиеші (педагог және кәсіпкер) болу жолы» (Білімдегі кәсіпкерлік)

Күні: 28.02.2023 ж

Уақыты: 13:00 - 14:30

  • Фариза Оспан

Белсенді, FemAgora директоры, 8 наурызда Алматыдағы шеруді ұйымдастырушылардың бірі. 

Күні: 01.03.2023 ж

Уақыты: 14:00 - 15:30

Дәріс тақырыбы: «Қазақстандағы гендерлік белсенділік туралы»