Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2023 жылдың 21-22 сәуір аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтетін «6B013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Педагогикалық идеялар - бастауыш білім беру сапасының негізі» атты XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиадаға  ҚР мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының «6B013 - Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша күндізгі оқу бөлімде оқитын 2-3 курс (2 курс 3жылдық 3 курс 4 жылдық)  студенттері қатыса алады.

Команда құрамы – 4 адамнан аспауы қажет. Олимпиадаға қатысушыларда өздерімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Команданың жетекшісі болуы міндетті.

Өткізілу формасы: офлайн

Олимпиада  жайлы  толық ақпараттық хатты  төмендегі  сілтемеден жүктеп  алыңыз

https://docs.google.com/document/d/1UPyTvFlvtXFSA5yD1ij0Nyd4qjbVQJUm/edit?usp=share_link&ouid=108648842909455914052&rtpof=true&sd=true