Құрметті әріптестер және қонақтар!

Сіздерді Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «В011- Информатика мұғалімдерін даярлау» және «В057-Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО студенттері арасында өтетін Республикалық «IQ-АЛАМАН 2023» интеллектуалды сайысына шақырамыз.

Өтетін орны: Гоголя 114/1, Коворкинг орталығы, Офлайн.

Уақыты: 21.04.2023 ж., сағат 10.00

Сайыс мақсаты:

  • талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу;
  • білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту;
  • білім алушылардың ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту.

Республикалық «IQ-АЛАМАН 2023» интеллектуалды сайысына ЖОО студенттері шақырылады.

Сайысқа қатысу үшін өтінімді 2023 жылдың 15-сәуіріне дейін akparattech@qyzpu.edu.kz электрондық поштаға жіберу керек немесе https://forms.gle/iLNa6AfsQEQeUUpp7 сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет.

Жұмыс тілі: қазақ

Марапаттау: Республикалық сайысқа қатысушыларға сертификат, жеңімпаздарға диплом, топ жетекшілеріне алғыс хат беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефон арқылы хабарласа аласыздар:

+7 701 576 34 43  Маханова Айгуль Сейсенбаевна

+7 707 908 1292 Кошанова Данагул Кидирбековна