«Ғылым айы – 2023» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушылар арасында «Стартап-Томирис» инновациялық жобалар конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – Университет білім алушыларының стартап бастамаларын қолдау және дамуын ынталандыру. 

Конкурсқа қатысушылар: Университеттің 1-3 курс (4 ж.о.) бакалавриат студенттері мен 1 курс магистранттары. Өтінімді беру электронды түрде жүзеге асады. Өтінім беру үшін осы форманы толтыру қажет.

  • Өтінім қабылдаудың басталуы: 19.04.2023 ж.
  • Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 13.05.2023 ж.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

  • I кезең (сырттай) – келіп түскен өтінімдерді іріктеу;
  •  II кезең – Конкурсқа қатысушы командалардың стартап жобаларын қорғауы.

Конкурс жеңімпаздары туралы шешім Конкурстық комиссия тарапынан қабылданады. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлерімен Конкурсты өткізу туралы ережеден. таныса аласыздар.

Конкурсты өткізу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда sciencedepartment@qyzpu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызды сұраймыз.