Құрметті ұстаздар, студенттер, оқырмандар!

 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасында  «Сен де - бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан! »  атты кітапханаға келіп түскен мотивациялық кітаптарды студенттер арасында насихаттау туралы іс-шара ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты: нақты дәлелденген фактілермен жазылған мотивациялық кітаптарды оқыған жастардың ой өрісі жақсы жаққа өзгеріп, қалаған нәрсесін жасауына мүмкіндігі бар. Қоғам қажеттілігінен туындаған мотивациялық кітаптарды студенттер оқып, өмірлік тәжірибелерінде қолдану.

Іс-шарада  талқыланатын тақырыптар:

  • Күнделікті өмірде адамның көзқарасын өзгертетін немесе мақсатқа жетуге күш беретін кітаптардың маңызы туралы айту.
  • әдемі ойлау;
  • әрекет ету;
  • қыздардың өзін-өзі бағалауы;
  • өзін-өзі дамыту жолдары;
  • креативті ойлау;
  • кітап оқу;

Мотивациялық  кітаптарға қызығушылық танытып, мақсатқа жетудің жолдарын қалыптастырып жүрген ұстаздар мен студенттерді аталған іс-шараға шақырамыз!

Өтетін уақыты: 24.04.2023 ж.

сағат: 15:00

Өтетін жері: Кітапхана, оқу залы