ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ғылым айы – 2023» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2023-2024 оқу жылына арналған штаттық профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан «Қауымдастырылған профессор», «Профессор» лауазымдарына «Оқытушы-зерттеуші» (TR), «Зерттеуші» (R) санаттарын тағайындау үшін кандидаттарды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Санаттарды тағайындауға қойылатын біліктілік талаптарын келесі сілтемелерден табуға болады:

1) Қауымдастырылған профессор TR

2) Қауымдастырылған профессор R

3) Профессор TR

4) Профессор R

 Өтініш растайтын құжаттармен бірге электронды түрде беріледі. Ол үшін үсынылып отырған форманы толтыру қажет: https://forms.gle/dSTt8ma1t7MxTkZZ7

Өтініштер 2025 жылдың 25 мамырына дейін қабылданады.

TR және R санаттары оқу жылына тағайындалады, оның нәтижелері бойынша бекітілген үміткерлер қызметтің 3 аспектісі (ғылыми, академиялық, Қоғамға қызмет көрсету) бойынша минималды балл жинауы қажет.

TR және R санаттарын растау (сақтау) үшін критерийлер мен қажетті балл санын келесі сілтемеден табуға болады: https://clck.ru/34T2J4

TR және R санаттарына үміткерлерді іріктеу бойынша туындаған сұрақтарыңызға жауап алу үшін Ақпараттық сессияларға қатысуыңызды сұраймыз:

Күні

Уақыты

Өткізу орны

19.05.2023

16:30-17:30

Р.Б. Әйтиева атындағы аудитория

(Коворкинг орталығы)

22.05.2023

12:00-13:00

Конференц-зал №215

(Гоголь к-сі, 114)

Іріктеу үрдісі мен санаттарды тағайындау талаптары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда aitenov.n@qyzpu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.