ҚР ҒЖБМ кезекті гранттық қаржыландыру конкурстарының басталғанын жариялады:

№

Гранттық қаржыландыру конкурсының атауы

Өтінім қабылдау мерзімі

Ақпарат көзіне сілтеме

1

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы

2023 жылдың 11 қазанына (қоса алғанда) дейін

https://clck.ru/3656vT

2

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы

2023 жылдың 13 қазанына (қоса алғанда) дейін

https://clck.ru/3656wG

Жобалық өтінімдер келесі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
  • Энергия, озық материалдар және көлік;
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
  • Елдің зияткерлік әлеуеті;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Өтінім берушіге және өтінімге қойылатын талаптар көрсетілген Конкурстық құжаттамалармен осы сілтеме (https://clck.ru/3659hC) арқылы таныса аласыздар.

Конкурс талаптары мен конкурстық өтінімді дайындау бойынша консультациялық кездесулер мен өтінімді әзірлеу барысында сүйемелдік көмек көрсету келесі жоспармен жүзеге асады:

  • әр Сейсенбі сағат 11:30-12:30 аралығында (Р. Айтиева атындағы ауд. – Коворкинг)
  • әр Бейсенбі сағат 15:30-16:30 аралығында (Р. Айтиева атындағы ауд. – Коворкинг)

Конкурстар бойынша қызықтыратын сұрақтарды алдын-ала қою мүмкіншілігі осы форманы (https://forms.gle/2ywQQDxhR26UJckX6) толтыру арқылы қолжетімді.

Хабарландыру бойынша сұрақтарды Ғылым саласын басқару және дамыту бөліміне (nauka@qyzpu.edu.kz) бағыттауды сұраймыз.