2023 жылдың 13 желтоқсан айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ел тұғыры-дарынды ұрпақ» тақырыбында өтетін Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауына мектеп және колледж оқушыларын шақырамыз.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көркемдік дайындық деңгейін арттыруға ықпал ету;
  • көркемдік білімнің беделін арттыру;
  • мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы қазіргі ұрпақтың өнер саласындағы шығармашылық әлеуетін белсендіру және қалыптастыру;
  • жас таланттарды анықтау және қолдау, сонымен қатар олардың кең ауқымын  көркем шығармашылыққа тарту;

Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауы екі бағытта өтеді:

І Номинация: Бейнелеу өнері;

ІІ Номинация: Сәндік-қолданбалы өнер

Өтетін орны: конференция залы. zoom платформасында

Конференция идентификаторы: 873 2284 3366

Кіру коды: 000263

ZOOM сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/87322843366?pwd=9JblSbQytC8CWkhT1iOfhFisyGbo5R.1

Толық ақпарат хат қосымшада