«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) Университет студенттерін қоғамдық тамақтандыру орындарымен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты: университет студенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Ұлпан» студенттік асханасын жөндеу.

Қоғамдық тамақтандыру аймағының жобалық қуаты: кемінде 300 (үш жүз) шаршы метр.

Жобаны іске асыру орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, ҚазҰҚПУ.

Жобаны іске асыру кезеңі – 6 (алты) ай және одан да көп, оның ішінде:

- жөндеу кезеңі: 6 (алты) ай, объектіні пайдалануға бере отырып, 2024 жылғы 01 қыркүйектен кешіктірмей;

пайдалану мерзімі: 6 (алты) жыл.

Инвестордың инвестицияларын (шығыстарын, шығындарын) өтеу – жалға алушының салынған инвестицияларын қайта есептеу үй-жайды жалға алу құнына тең болатындай - ұзақ мерзімді негізде шарт жасасу

Университеттің байланыс тұлғасы: Елжасов Рустам Науанұлы Тел +7 701 529 59 22

Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері 22.01.2024 жылдан бастап 31.01.2024 жылға дейін күн сайын 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, № 4 кабинет.

Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері бар конверттерді ашу 2024 жылғы 01 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, № 107 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Қатысушылар-уәкілетті өкілдер тұлғасындағы әлеуетті инвесторлар жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысының лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде қатысуға құқылы.