Мақсаты:  оқырмандарды  жақсы кітап оқуға ынталандыру, бір-біріне кітап сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындыру, өзара сыйластықты қалыптастыру. Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні барлық адам бір-біріне кітап сыйлағаны абзал. Қазіргі таңда көптеген елде осы мереке аталып өтуде. Іс-шарада кітапхана қорындағы мотивациялық кітаптар жиынтығынан кітап көрмесі ұсынылып, мерекелік іс-шара өз жалғасын табады.  Сонымен қатар,  отандық баспа басылымдары кітап жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Қатысатын баспалар мен кітап дүкендері:

  • «Отбасы хрестоматиясы» баспа үйі
  • ⁠«Зият» кітап дүкені
  • ⁠«QAZYNA&Ummastore» кітап дүкені
  • «Steppe&world» кітап дүкені
  • «Қасым» баспасы
  • «Абай» баспасы
  • «Marfu shop» кітап дүкені
  • «Kitapal» кітап дүкені
  • «Qyr balasy» баспасы
  • «Mazmundama» баспасы

 Сізді және Сіз басқарып отырған институттың оқытушылар құрамы мен студенттерін кітап жәрмеңкесін тамашалауға шақырамыз.

            ШАҚЫРАМЫЗ КЕЛІҢІЗДЕР!  КІТАП СЫЙЛАУҒА АСЫҒАМЫЗ!

Өтетін орны: Кітапхана фойесі

Уақыты: 14 ақпан,  сағат 11.00-17.00