Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай 2024 жылдың 17-18 сәуір аралығында өтетін «Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселесі: зерттеу және тәжірибе» атты Халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция қатысушалары:

  • зерттеуші ғалымдар;
  • колледж және ЖОО-ның профессор-оқытушылары;
  • докторанттар, магистранттар, студенттер мен жас ғалымдар;
  • мектепке дейінгі ұйым басшылары мен тәрбиешілері.

Конференцияның негізгі мақсаты: Балаларды ерте жастан дамыту және отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерін талқылауда диалогтік алаң құру, ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, тәжірибелерімен бөлісу.

Конференцияның өтетін күні: 17-18 сәуір 2024 жыл.

Конференцияның өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь к-ші, 114. АКТ залы.

Конференция бағыттары:

  • Балаларды ерте жастан дамытудың үздік тәжірибелері мен инновациялары;
  • Балаларды ерте жастан дамытудың білім беру ортасын құру;
  • Отбасы мәселесі және оған қолдау көрсету;
  • Инклюзивті білім беру.

Толығырақ ақпараттық хатпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: ақпараттық хат

«Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселелері: зерттеулер және тәжірибелер» халықаралық конференциясына қатысушылардың онлайн тіркелу сілтемесі