Құрметті, ғалымдар, білім алушылар, әріптестер!

12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Университетімізде 2024 жылдың 11-26 сәуір аралығында «Ғылым декадасы – 2024» ұйымдастырылады.

Атаулы іс-шараның ашылуы 11 сәуір сағат 15.00 ден бастау алады.

«Ғылым декадасы – 2024» аясында конференциялар, ішкі қаржыландыру конкурсы, қызықты тәжірибелер, «Томирис-Стартап» конкурсы, E-R Talks (Education and Research Talks), «IQ Аламан 2024» республикалық байқауы, ғылыми жобалар көрмесі, «QASHGARI» этно-топтамасы, студенттер форумы, тимбилдинг-квест, форсайт-сессия сияқты атаулы іс шаралар өтеді. Сонымен қатар, іс-шараның ашылуы барысында 2023 жылғы ғылыми көрсеткіштер бойынша ғалымдар төменде көрсетілген номинациялармен марапатталатын болады:

  • «Көшбасшы- ғалым» номинациясы
  • «Хирш үздігі» номинациясы
  • «Көп дәйектелген мақала авторы» номинациясы
  • «Адал ғалым» номинациясы
  • «Белсенді жас ғалым» номинациясы
  • «Ғылымды кеңінен насихаттағаны үшін» номинациясы
  • «Студенттік ғылымды дамытушы» номинациясы

Ғылымның жетістіктерін бірге атап өту және оны дамыту үшін өз үлесіңізді қосыңыз! Сіздің үлесіңіз біздің жалпы прогреске үлкен әсер етеді.

“Ғылым декадасы - 2024” бағдарламасы