Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2024 жылғы 3 мамырда 6В03101 – «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға 6В03101 – «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысанындағы бакалавриаттың 2-3 курс студенттері қатыса алады. Қатысушылардың аталған мамандыққа сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.

6В03101 – «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2 турда өтуде:

1 тур

  • Келесі тақырыптардың біріне бейнеролик түрінде сәлемдесу: «Әлеуметтану призма ретінде: әлеуметтанулық перспектива арқылы әлеуметтік мәселелерге көзқарас»,»Әлеуметтану және әлеуметтік өзгерістер: әлеуметтанушылардың болашақты қалыптастырудағы рөлін зерттеу». Бейнероликтің максималды ұзақтығы - 2-3 минут.

2 тур

  • Өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелерін, қорытындылары мен ұсынымдарын таныстыру. Командалар бастапқы/ қайталама эмпирикалық деректерді талдауға негізделген ең өзекті әлеуметтік мәселелер мен оны шешу жолдарына жұртшылықтың назарын аударатын дайындалған жобаны ұсынады. Жобаны әлеуметтанулық зерттеулерге қойылатын барлық әдіснамалық талаптарды сақтай отырып, 3 студентке дейін құралған топ орындай алады. Регламент ұзақтығы - 7 минутқа дейін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысуға өтінім мен бейнеролик 2024 жылғы 26 сәуірден кешіктірілмей келесі e-mail-ге жіберілуі тиіс: nkarazhan@gmail.com. «Тақырып» жолында «Әлеуметтану олимпиадасы» және университеттің атауы көрсетіледі.

1, 2, 3 орын алған республикалық олимпиаданың жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Анықтама телефондары:

  • Қаражанов Нұрсұлтан Серікұлы +7 702 3131191,
  • Арман Едігенұлы Әміров +7 747 259 9862.